27-11-24 |
2880 рет қаралған
С1 санатындағы жұмыртқа бағасы 540 теңгеге дейін өсті.
С1 санатындағы жұмыртқа бағасы 540 теңгеге дейін өсті

Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметтері бойынша, С1 санатындағы жұмыртқа бағасы соңғы аптада 0,1%-ға артты.  Қазір  осы санаттағы жұмыртқаның орташа бағасы сауда сөрелерінде 540 теңге құрайды.

Жұмыртқалардың бағасы аймаққа байланысты әртүрлі болады. Елордада С1 санатындағы жұмыртқаның орташа бағасы 609 теңге болса, ең төменгі баға Петропавлда тіркелген — 462 теңге.

Өзге өңірлердегі орташа баға:

 Алматы — 600 теңге

Шымкент — 530 теңге

Ақтау — 569 теңге

Өскемен — 584 теңге

Тараз — 483 теңге

Қызылорда — 479 теңге

 Қостанай — 497 теңге

Ақтөбе — 493 теңге

Атырау — 498 теңге

Түркістан — 498 теңге

Жезқазған — 547 теңге

 Көкшетау — 500 теңге

Қарағанды және Орал — 518 теңге

Қонаев — 574 теңге

Павлодар — 520 теңге

 Семей — 516 теңге

Талдықорған — 552 теңге

Ұлттық статистика бюросы облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалалардағы базарларда, дүкендердегі және сауда желілеріндегі  бірінші санаттағы жұмыртқа бағасына бағалау жүргізеді. Сауалнамада сатылымда бар жұмыртқалар ескеріледі және олардың бағасы жыл бойы қадағаланады.

2024 жылы жұмыртқа бағасының негізсіз өсуін болдырмау үшін жұмыртқа өндірушілерінің қауымдастығы және құс өсірушілер одағымен меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум өндірушілердің қоймасында 1 дана жұмыртқаның  ең жоғары көтерме бағасын 51,5 теңге деңгейінде белгілейді. Бұл ең жоғары баға бірінші санаттағы жұмыртқаларға, соның ішінде лотоктарда және дара сатылатын түрлеріне қатысты. Айта кету керек, коррекс қаптамасында сатылатын С1 санатындағы жұмыртқалар қаптама құны мен басқа да шығындар себебінен қымбатырақ сатылады. Меморандум шарттары коррекс қаптамасында сатылатын жұмыртқаларға қатысты қолданылмайды.

Оператив мониторинг деректеріне сәйкес, сауда үстемесін қоса есептегенде еліміздегі базарлдар мен дүкендерде жұмыртқа  435 теңгеден (Ұлытау облысы, 30 данадан тұратын лоток) бастап 540-600 теңгеге дейін (Шығыс Қазақстан облысы, 30 данадан тұратын лоток 2225 теңге) сатылуда. Мысалы, Астанадағы «Магнум» дүкенінде «Курочка Ряба» өндірушісінің С1 санатындағы жұмыртқасының 30 данадан тұратын лотогы  1590 теңгеге (10 дана  530 теңге) сатылса, «Луговое поле» брендімен сатылатын жұмыртқаның  30 данадан тұратын лотогы 1619 теңгеге (10 данасы  540 теңге) бағаланады. «Small» желісінде жұмыртқа 510 теңгеден сатылуда. Өнім бағасы көптеген факторларға, оның ішінде үй маңындағы дүкендерге жеткізілетін ұсақ көтерме саудагерлер мен құс фабрикаларынан нарықтарға жасалатын ірі көтерме жеткізілімдерге байланысты болады. Ірі сауда желілері өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасайды.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті сауда заңнамасын сақтау бойынша бақылау жүргізеді. 2024 жылдың басынан бастап  сауда заңнамасына қатысты  4398құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде жұмыртқалардың негізсіз бағасының өсуіне қатысты 197 жағдай тіркелген. Осыған байланысты 3636 сауда субъектісіне ескерту жасалып, 762-сі айыппұлға тартылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.