11-01-24 |
9580 рет қаралған
Шығармашылық субъектілері енді бірыңғай салықты ғана төлейді – Балаева.
Шығармашылық субъектілері енді бірыңғай салықты ғана төлейді – Балаева

Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева шығармашылық субъектілеріне қатысты салық жеңілдейтінін айтты.

Министрлік Мемлекет басшысының креативті индустрияны дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірге кешенді жұмыс жүргізген.

Негізгі мақсат шығармашылық субъектілеріне салықты жеңілдету.

«Осы кешенді жұмыстың нәтижесінде Үкімет ( ҚР ҮҚ #1240 29.12.2023ж.) қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес 40 қызмет түрі арнайы бөлшек салық режиміне өтті. Бұл дегеніміз бизнес КТС, жеке табыс салығы, ҚҚС төлеуден босатылғанын білдіреді. Аталған қызмет түрлерімен айналысатын субъектілер енді  бірыңғай салықты ғана төлейді. Бұл жеке кәсіпкерлер үшін 2%-дан 4%-ға дейін, ЖШС үшін 8%-ға дейін болады. Тек компанияның жылдық айналымы 2,2 миллиард теңгеден аспауы, ал штатта 200 адамнан көп болмауы қажет», – деді министр.

Салықты жеңілдету кино, бейнеконтент пен телебағдарламаларды өндіруге және одан кейінгі өндіріске, музыкалық шығармаларға дыбыс жазу мен басып шығаруға, театр және музей өнеріне, сәулет және дизайнға, қолөнер бұйымдарына, халық шығармашылығына және кәдесыйлар өндірісіне әсер етеді.

«Осы қолдау шарасын әзірлеу барысында халықаралық тәжірибені мұқият талдағанымызды атап өткім келеді. Ең озық елдердің (Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея) тәжірибесі креативті индустрияны дамыту үшін салықты  жеңілдетуге ерекше мән беру керектігін көрсетеді», – деді А. Балаева.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.