Елімізде эпидемиологиялық жағдай ушықса 165 мың азамат жұмыссыз қалуы мүмкін.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғындықов бірінші жартыжылдықта қанша қазақстандық қандай себептермен жұмыссыз қалуы мүмкін екенін айтты.
«Қазіргі таңда біздің бағалауымыз бойынша 8,7 миллион адамның 4,1 миллионы өз орнында қалады. Бұл – өңірдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін секторлар мен жұмыс түрлері, яғни тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысшылары, дәрігерлер, өндірістік кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы. 2,5 миллионға жуық азамат қашықтан жұмыс режиміне ауысуы мүмкін. Олар – білім саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, кеңсе қызметкерлері және тағы басқа.
Біздің бағалауымыз бойынша толық шектеу шаралары енгізілген жағдайда 165 мың адам жұмысынан айырылуы мүмкін», – деді ол.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, қазір елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,9 процентті құрайды.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024