04-02-21 |
1460 рет қаралған
Түрмеден шыққан күні алаңға баратынын айтқан Боқаев бостандыққа шықты.
Түрмеден шыққан күні алаңға баратынын айтқан Боқаев бостандыққа шықты

Макс Боқаевтың бостандыққа шыққанын қоғам белсендісі Жанболат Мамай жазды. Темір торда 5 жылын өткізген белсенді халыққа алғысын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

4 ақпан күні Атыраудағы УГ-157/9 жазасын өтеу мекемесінен Макс Боқаев бостандыққа шықты. Оны бір топ жақтастары мен БАҚ өкілдері күтіп алды.

«Макс Боқаев бостандықта! Жаңа ғана түрмеден күтіп алдық»,- деп жазды Жанболат Мамай. Белсендінің Facebook парақшасына түрме алдындағы видеолар жарияланды.

«Әлеуметтік араздық тудырды», «жалған ақпарат таратты» және «митинг өткізу заңдарын бұзды» деп айыпталып, 5 жылға сотталған Боқаев жазасын толық өтеп шықты. 

«Халайық, күтіп алғандарыңа рақмет. Аманмын, саумын. Мені, анамды, бауырымды алдағандарыңа рақмет. Шүкіршілік. Таңертең сағат 5:45-те полиция келіп тұрғызып, шығыңыз деді. Сталиннің кезінен «волчий билет» деп айтады. «Қасқырдың билеті», Құжатым ІІД-де жатыр екен. Осыны берді. Қол қоюымды сұрады қойған жоқпын. Қорғаушыммен кеңес алғаннан кейін қоятынымды айттым. Қорғаушыны шақырған жоқ.  «66» деген «зона» осы, жігіттердің бәрі сәлем айтып жатыр»,-деді Боқаев күтіп алған жақтастарына.

Боқаев алдағы жоспарларында митинг өткізу бар екенін хабарлады.

«Халықты қолдауы болмағанда мені құртып жіберетін еді. Теледидар, радио, газеттен жаңалықтарды қарап отырмын. Назарбаев тақтан кетсе де, 5 миллиметр өзгеріс бар деуге болады. Бірақ алып бара жатқан өзгеріс жоқ. Сондықтан маған тыйым салса да ары қарай қоғамдық жұмыспен айналыса беремін. Менің ұсынысым –  28 ақпанда митинг ұйымдастыру, Бүкіл Қазақстан шығайық»,-дейді Боқаев.

Ол Атыраудағы Исатай-Махамбет алаңында серуендейтінін айтты.

Қоғам белсендісі наурыз айында халықты наразылыққа шығуға шақырады. Сайлауды қайта өткізу талабын қоятынын айтты.

Естеріңізге салсақ, 48 жастағы Макс Боқаев 2016 жылғы қарашадан бері түрмеде отырды. Ол Жер реформасына қарсы митингіден соң бес жылға сотталды.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.