05-02-24 |
6750 рет қаралған
Әйелдер тілінің ұзындығынан табады – Анас Баққожаев.
Әйелдер тілінің ұзындығынан табады – Анас Баққожаев

Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын таныстыру барысында депутат Анас Баққожаев әйелдердің ер адамдарды жанжалға итермелейтінін айтты.

Бұл ретте ол заң жобасына қатысты әріптестерінің барлық ұсыныстарымен келісетінін жеткізді.

«Еркектің ең сорлысы ғана әйелге қол көтереді ғой әйел адамға. Дегенмен ұрыстардың барлығы ұрып-соғудан шықпайды. Кішкене ерлерді де түсінуіміз керек. Басында жанжал туындайды, сол жанжал неден туындайды? Әрине, әйелдің тілінің ұзындығынан.  Барлық әйелдер кешірсін мені, бірақ ондайд да фактілер бар. Қазақтың сөзі бар: «Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс» дейді. Болмаса «Ерге жаққан әйел елге де жағады» дейді. Өкінішке қарай, біз қазақы тәрбиеден, қазақылықтан алшақтап бара жатырмыз», – дейді Әнас Баққожаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.