Бүгін Астанада «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты жастар жылына арналған жиналыс өтті. Жиналысқа президент Н.Назарбаев, үкімет мүшелері, парламент төрағалары, жастар ұйымдарының жетекшілер, студенттер қатысты. Жиында президент жастар жылына орай бірнеше бастама көтеріп, үкіметке бірқатар тапсырмалар берді. Қазіргі сәтті әлемуеттік желіде жастар жылына қатысты жиындағы көтерілген мәселелер сөз болып жатыр.
Мәселен, «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты – «Жас Отанның» мүшесі Мәдина Мұқышева өзінің facebook парақшасында: «Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жарияланған жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Cебебі еліміздің болашағы – жастарға айрықша көңіл бөліп, 2019 жылды – «Жастар жылы» деп жариялауы қоғамның ауызбірлігін еселеп арттырды. Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес. Еліміз және Елбасымыз бізге үлкен сенім артып отыр. Сондықтан, артылған сенімді ақтауымыз керек!» деп жазады.
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
11.11.2024
-
11.11.2024
-
11.11.2024