Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 28 қазан-01 қараша аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Астана қаласына іс-сапарға барды.
Аталған іс-сапардың мақсаты Жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу.
Қалада жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Арман Нұрахметұлы – Астана қаласы әкімдігінің Діндерді зерттеу орталығының теологы, Түсіпхан Имамумади – «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, PhD доктор, Мейірбеков Данияр Еркінұлы – «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, магистр, Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы – Астана қаласы әкімдігінің діндерді зерттеу орталығының бөлім басшысы.
Түсіндіру тобының мүшелері Астана қаласы аумағында ЖОО және колледж студенттері базасында болды. Олар жастар арасында «Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет», «Жастар және дін» т.б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ЖОО мен колледж студенттері және т.б. топтар қамтылды.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024