24-05-21 |
1070 рет қаралған
«Жын» шығармын»: Cәуле Әбілдаханқызы бас имамға сауал жолдады.
«Жын» шығармын»: Cәуле Әбілдаханқызы бас имамға сауал жолдады

Сарыағаштағы мешітке кіре алмаған Сәуле Әбілдаханқызы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сауал жолдады. Қоғам белсендісі Facebook-тегі жеке парақшасында мешіт қызметкерлерінің өзін мешітке кіргізбей қойғанын жазды.

«Мешітке кіруге менің киімім және бұрымым жарамайды екен. Елімізде азаматтың құқығын таптаудың тағы бір көрінісі. Надандықтың шыңы деген де осы. Бұл мешіттің қызметкерлері (күзетшісі, тағы біреуі, ұстазы) неғып сонша маған агрессивті түрде жиырылды десем, Смановтардың мешіті екен ғой. Мен – бұлар үшін «жын» шығармын.

Бұлар мен үшін «жын»» шығар. Әйтеуір ә дегеннен екіжақты «тебіліс» реакциясы жүрді… Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Бас имам мырза, бұл мешіттегілер менің киімімді жарамайды деп, әркім киген халатты кимесең кірмейсің деп кіргізбей қойғаны қаншалықты заңды??? Сіздер Құдайды мешіттен іздейсіздер. Мен де іздеп көрдім, таппадым. Өз Құдайым өзімде. Бизнес-мешітте емес. Менен ашық-шашық киім немесе мини-юбка немесе тырысқан киім көріп тұрсыздар ма? Әлде жалаңбаспын ба?»,– деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы. 

Желі қолданушыларының бірі оның сөзін қостап, бірі қарсы пікір жазды. Ал мүфтият жазбаға әзір пікір білдірмеген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.