26-11-24 |
2200 рет қаралған
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды.
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды

Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды. Науқан жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді.

Осылайша, Қазақстан жаһандық деңгейде де, ұлттық деңгейде де қандай болмасын зорлық-зомбылықты жоюға әрекет жасады. Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Бүгін акция аясында Астанада елордалық жоғары оқу орындары арасында чемпионат өтті. Іс-шараның ережелері бойынша командалар гендерлік зорлық-зомбылық тақырыбындағы кейстерді шешуде креативті тәсілді ұсынуы тиіс.

Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі зорлық-зомбылық түрлерін анықтау, оның салдары мен алдын алу жолдары туралы белсенді ақпараттық науқанды бастады. Акция аясында әйелдер үшін өзін-өзі қорғау бойынша тренингтер ұйымдастырылды, сондай-ақ конференциялар, дөңгелек үстелдер, зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында арт-перфоманс және басқа да іс-шаралар жоспарланған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.