15-03-21 |
570 рет қаралған
Қазақстандық диджей ел президентін қуантты.
Қазақстандық диджей ел президентін қуантты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық диджей Иманбек Зейкеновтің Grammy музыкалық сыйлығын жеңіп алуымен құттықтады. Ақордадағы көңіл-күйді президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Instagram әлеуметтік желісінде бөлісті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілуі жөніндегі жаңалықты зор қуанышпен қабылдады.

Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді.

Президенттің атынан Иманбекті осы жарқын жеңісімен құттықтаймын және жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!»-деп жазды ол.

Еске салайық, қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің(Imanbek) америкалық орындаушы SAINt JHN-дің «Roses» әнініне жазған ремиксі «Грэмми» алды. 

Imanbek-тің нұсқасында трек хит болды және бірнеше апта бойы Billboard Hot 100 диаграммасының үздік ондығында болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.