06-10-18 |
2240 рет қаралған
АҚШ: Ресей су асты флотын күшейтіп жатыр.
Ресей су асты әскери қуатын арттырып, Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінде АҚШ пен НАТО күштеріне тікелей тегеурін танытып отыр. Бұл туралы НАТО-ның Неапольдағы біріккен басшылығының жетекшісі АҚШ адмиралы Джеймс Фогго мәлімдеген.

Фогго қазанның 5-і күні Вашингтонда журналистерге Ресейдің су асты күштеріне елеулі қаржы салып жатқаны және АҚШ пен НАТО-ға «асимметриялық» қатер төндіріп отырғаны туралы айтқан. Өз әскери-теңіз флоты ұшақ тасымалдаушы және өзге де кемелер саны жағынан АҚШ пен НАТО-ға бәсекелес бола алмайтынын білетін Ресей сүңгуір қайықтарды әзірлеу және зерттеу жұмыстарын жалғастырып отыр деп мәлімдеген адмирал. Фоггоны ресейлік әскери сүңгуір қайықтардан Еуропа маңындағы теңізден ұшырылатын болса, «Еуропаның кез келген астанасына дейін жете алатын «Калибр» зымырандары алаңдатады. Оның сөзінше, қазіргі кезде Қара теңіз бен Шығыс Жерорта теңізінде Ресейдің алты дизель сүңгуір қайығы бар.

Адмирал Фогго өзінің жетекшілігімен алда болатын НАТО-ның Норвегиядағы әскери жаттығулары туралы ақпаратпен бөлісті. Бұл соңғы 16 жылдағы ең көлемді жаттығу болмақ. Оның айтуынша, жаттығу барысында Ресейдің Норвегияға теориялық шабуылы кезінде НАТО күштерінің реакциясы пысықталады.

Фогго қазанның 25-і күні басталатын Trident Juncture жаттығуына бақылаушылар жіберу туралы Ресейге ұсыныс айтылғанын хабарлады. Ол Мәскеуді НАТО күштерінің мүмкіндігі туралы көбірек білу үшін осы ұсынысты қабыл алуға шақырған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.