43 жастағы Шкарупа жаңа қызметіне дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болған. 2013-2014 жылдары «Қазақстандағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту және модернизациялау орталығы» компаниясының басқарма төрағасы болған. 2015-2017 жылдары Қарағанды облысы Саран ауданының әкімі қызметін атқарған.
Бақытжан Жақсалиев биыл маусымда Ақмола облысының шипажай аумағындағы көлдерді тазалау жобасын орындау кезіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық қылмысын тергеу аясында үйқамаққа алынған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі ол кезде Жақсалиевтің қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланып, мемлекетке 746 миллион теңге көлемінде зиян келтірді деген күдікке ілінгенін мәлімдеген. Бұдан ертерек, наурыз айында қаржы жымқыру күдігімен энергетика вице-министрі Ғани Садыбеков ұсталған. Кейін Астана соты оны үйқамаққа алу мерзімін ұзартқан.
Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев вице-министрлердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікпен ұсталғаны министрлік үшін күтпеген жағдай болғанын мәлімдеген.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024