28-10-18 |
840 рет қаралған
Ұлыбританияда «Лестер сити» клубының иесі отырған тікұшақ құлады
.
Ұлыбританияда “Лестер сити” ағылшын футбол клубының иесі, Таиланд бизнесмені Вишай Шривадданапрабхи отырған тікұшақ жерге құлады. Бұл жайлы белгісіз ақпарат көзіне сүйенген BBC хабарлады. Тікұшақта нақты қанша адам болғаны, олардың жағдайы туралы дерек жоқ.

Оқиға сенбі күні Лестер қаласында өткен футбол матчынан кейін жарты сағаттан кейін болған.

Тікұшақ аспанға көтерілісімен бірден төменге құлдилап, стадионның көлік қоятын жерінде жарылған. Апаттың себебі белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, тікұшақтың артқы бұрандалары істемей қалған.

Таиландтық бизнесменнің қолына өткеннен кейін команда-аутсайдер саналып келген “Лестер сити” клубы алты жыл ішінде озықтар қатарына енді. 2016 жылы клубтың жүз жылдық тарихында тұңғыш рет Англия чемпионы атағына ие болған. Ол кезде олардың жеңетінін ешкім күтпеген еді.

 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.