24-10-18 |
1300 рет қаралған
Министрлік: Қаңтарда сынақ ретінде ҰБТ өтеді.
Қазақстан Білім және ғылым министрлігі 2019 жылдың қаңтар айында мектеп бітірушілерге сынақ ретінде ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) өткізілетінін хабарлады. Министрліктің 24 қазанда таратқан ақпараты бойынша, бірінші рет сынақ ретінде өтетін ҰБТ-ны орта мектепте 11-12 сыныпта оқитындар мен жоғары оқу орындарына шартты түрде оқуға қабылданғандар өз еркімен ақылы түрде тапсыра алады.

Мектеп бітірушілер ҰБТ-дан өтсе, жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне оқуға түсуіне болады. Бірақ мектеп бітірушілер мемлекеттік білім грантына 2019 жылы жазда өтетін негізгі ҰБТ нәтижесі бойынша ғана үміткер бола алады.

Оқи отырыңыз: ҰБТ: телефон тәркілеу мен сұрақ тасу

Жоғары оқу орнына шартты түрде қабылданған және бірінші семестрді аяқтайтын студенттер қаңтар айындағы ҰБТ-ны оқуға ресми түрде қабылданып, оқуын одан ары жалғастыру үшін тапсырады. ҰБТ-дан 50 балл жинай алмаған студент оқудан шығарылады.

Ақылы түрде ҰБТ тапсыруға өтініш 1-15 желтоқсан күндері қабылданады.

Қаңтар айындағы ҰБТ-ны тапсыру ақысы 2242 теңгені құрайды.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.