Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым және Сергей Пономарев Алматы қаласындағы «Қалқаман» метро стансасының құрылысымен танысты. Нысан Абай даңғылы бойында Әшімов пен Айбергенов көшелерінің арасында салынып жатыр.
Наурызбай ауданындағы «Қалқаман» метро стансасы 2026 жылы пайдалануға берілуі керек. Құрылыс барысында сол жақ туннельде 936 метр, оң жақ туннельде 559 метр қазылған. Газбен жабдықтау, электр жүйесі, телекоммуникациялар мен су құбырының сыртқы желілерін көшіру жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде.
Депутаттар жұмысшылармен сөйлесіп, құрылыс жұмыстарының кестесімен танысты. Мәжілісмен Сергей Пономарев «Қалқаман» стансасына дейінгі желі құрылысы 2,5 жылдан бері жүріп жатқанына назар аударды. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде жоба қымбаттаған, сәйкесінше қайта бағалау мен мемлекеттік сараптаманы қажет етеді. Өз кезегінде депутаттар заңнамалық деңгейде қолдау көрсетіп, республикалық бюджеттен қаржы бөлінуіне көмектесетін болады.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024