Рогозин сонымен қатар орташа класты «Союз-5» зымырандарын 2022 жылдан бастап сынақ ретінде ұшқышсыз ұшыру, ал 2023 жылдан бастап жаңа «Федерация» кемесін ғарышкермен бірге ұшыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Жаңа зымыран мен ғарыш кемелері Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылмақ.
Қазанның 11-і күні Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған «Союз-ФГ» зымыран тасығышы әуеге көтерілгеннен бірнеше минуттан соң апатқа ұшыраған. Зымыран тасығышқа тіркелген «Союз МС-10» ғарыш кемесі халықаралық станцияға ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейгті жеткізуі тиіс болған. Апаттан соң ғарышкерлер отырған капсула Байқоңырдан шамамен 500 километр қашықтыққа қонған. Роскосмос мәліметінше, апат зымыранның бірінші және екінші басқышын ажырататын датчиктің дұрыс жұмыс істемеуінен болған.
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024