06-12-18 |
810 рет қаралған
Швецияда Йемендегі соғысты тоқтату бойынша келіссөз басталады.
Швеция сыртқы істер министрі Стокгольмге Йемендегі соғысты доғару бойынша келіссөзге тараптардың келе бастағанын хабарлады. Келіссөз осы аптада өтуі мүмкін.  

Министр Маргот Вальстрем twitter парақшасына «БҰҰ-ның, Швеция мен Кувейттің арнаулы елшісімен бірге Хусит жасағының делегациясы Йемендегі жағдайды талқылау үшін жоспарланған келіссөзге қатысуға Швецияға жетті» деп жазды. Ол «таяу арада Йемен үкіметінің өкілдері де елге жетуі тиіс те, келіссөз басталуы керек деп үміттеніп отырғанын» жеткізді.

БҰҰ-ның Йемен бойынша арнаулы елшісі Мартин Гриффитс Иран қолдайтын хусит көтерілісшілері мен Сауда Арабиясы қолдайтын Йемен президенті Абду Рабу Мансур Хади арасында диалог орнатумен айналысқан.

Гриффитс ондаған мың бейбіт тұрғын құрбан болған соғысты тоқтату үшін екі тарапты келіссөз жүргізуге көндірген. Йемен экономикасы соғыс басталғалы әбден тоқыраған, миллиондаған адам аштықтың аз-ақ алдында тұр.  

Биыл қыркүйекте БҰҰ Женевада хусит пен ел билігі өкілдері арасында келіссөз ұйымдастыруға тырысқан. Бірақ көтерілісшілер тарабынан жиынға ешкім келмеген. Келіссөздердің 2016 жылы өткен және бір раундынан да ешбір нәтиже шықпаған.   

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.