17 қарашада өткен акцияда барлығы 52 белсенді ұсталған. Олардың көбіне ескерту жасап, босатылған.
Тұтқындаудан соң ондаған адам биліктің әрекетіне наразылық танытып, полиция ғимараты алдына жиналды. Белсенділердің сөзінше, полицейлер адамдарды автобусқа отырғызып, белгісіз жаққа алып кеткен. Кейін бірнешеуін акция өтетін жерден басқа жаққа апарып тастаған. Алайда, белсенділер митингіге қайтып келіп алған.
Құқық қорғаушылар Әзербайжанда оппозициялық белсенділер мен БАҚ өкілдерінің жиі қудаланатынан айтады. Халықаралық «Шекарасыз тілшілер» ұйымының таяуда жариялаған баспасөз еркіндігі жөніндегі рейтингінде Әзербайжан 180 елдің ішінен 163-орынды иеленген.
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
23.01.2025