09-11-18 |
1500 рет қаралған
Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматы депортациялануы мүмкін.
Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматы депортациялануы мүмкін

Алматы қаласының полициясы жедел жәрдем жүргізушісін ұрған түркиялықты елден қумақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, Көші-қон басқармасы 2 қарашада Әуезов аудандық сотына арнайы шағым түсірген. Полиция Түрия азаматы Әли Демирдің қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты оны елден шығаруға арызданды. Түрік азаматы Әли Демир ҚР ӘқбК 606-бабының 1-бөлімімен, 230-бабының 2-бөлімімен, 517-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған-ды.

Еске сала кетейік, Алматыда жолды бөлісе алмаған Түркия азаматы жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучманы соққыға жыққан болатын. Көп ұзамай полицейлер 1990 жылы туған түркиялық азаматты анықтап, уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізді. Біраз уақытқа созылған соттан соң  жедел жәрдем жүргізушісі Түркия азаматын кешірген еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.