Талғарда бұзақылардың қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың үйі түнде өртеніп кетті.
Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндіру қызметінің жедел әрекетіне қарамастан, үй түгелдей өртеніп кеткен.
Алматы облысының полиция департаменті өрт фактісін растады. Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Қазір марқұмның ата-анасы құқық қорғау органдарының қорғауына алынған.
Айта кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов үндеу жасап, қалың жұртшылықты сабырға шақырып қан төгіс болғанын қаламайтынын айтқан еді.
-
05.11.2024
-
05.11.2024
-
05.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024