Алматыдағы «Нұрлы дала» кешенінің бес мыңға жуық тұрғыны 10 күннен бері суық сусыз отыр, деп жазды Azattyq Ruhу.
Редакциядан көмек сұраған тұрғындар түнде амалдың жоқтығынан тас жолды жабуымызға тура келді дейді. Өйткені, жыл басынан бері су құбыры 15 рет жарылған екен.
«5 мың шақырымға созылып жатқан құбыр шыны талшығынан салынған. Оның сапасы сын көтермейді. 2019 жылы оны қала әкімдігі қабылдап та алған. Енді міне, тұрғындар оныншы тәулік сусыз отыр. Бір жерін жөндесе екінші жерінен ақау шығады. 1 жылда 20 шақты авария болды. Ертең қыстың күні тағы апат болса, қандай жағдай болатыны бәріне мәлім», – дейді «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінің тұрғындары.
Жолды жапқан тұрғындарға Наурызбай ауданы әкімдігі коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Фархат Жаңбыров барған. Бірақ, тұрғындар әкімнің өзі неге келмейді деп наразы болды. Бүгін қалалық әкімдік суық су тұрғындарға ертең беріледі, деп хабарлады.
«2019 жылы Алматы қаласы құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенін сумен қамтамасыз ету мақсатында «Алматы ИнжСтрой» ЖШС мердігері магистральдық су құбыры желілерін (жалпы ұзындығы 5 км шыны талшық) салды.
Бүгінгі таңда су желілерінде болып жатқан апаттар әлеуметтік шиеленісті тудырады. Осы жылдың басынан бері магистральдық су құбыры желілерінде барлығы 15 апатты жағдай анықталды.
Магистральдық су құбыры желілеріндегі аварияларды жою мақсатында бүгін 17 қазанда жиынтықтаушы материалдармен қамтамасыз етіледі.
Қалпына келтіру жұмыстарын ертең сағат 20:00-ге дейін аяқтау жоспарланып отыр. Құбырды толық ауыстыру (ұзындығы 1.2 км., диаметрі d=300 мм) қысқа мерзімде аяқталады», – деп мәлімдеді Алматы қаласы құрылыс басқармасының өкілдері.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024