Logo
Іздеу
Айдарлар

Ақтөбеде қайғылы оқиғаға байланысты қоғамдық резонанс туды.

/
Ақтөбеде қайғылы оқиғаға байланысты қоғамдық резонанс туды.

Ақтөбеде бойжеткен қаза тапты. Марқұмның туыстары қыз кісі қолынан қаза тапты деп күдіктенсе, полиция өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу бабы бойынша іс қозғады.

Ақтөбедегі әлеуметтік желіде 19 жастағы қыздың өлімі туралы ақпарат пайда болды. Қарама-қайшы қауесеттер мен пайымдар айтылып, аталған қайғылы оқиға қоғамда резонанс тудырды.

Іnstagram-дағы Aktobe_afishi аккаунтында қаза тапқан қыздың туыстары мен жақындарының сөздері келтірілген. Олар қызды зорлап, одан кейін өлтірген деп сезіктенеді.

Тағы бір пайымға сәйкес, қыздың өзі 7-қабаттың терезесінен секіріп кеткен көрінеді.

Ақтөбе облысының полиция департаменті аталған қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша Ақтөбе қаласы ПБ № 1 қалалық полиция бөлімі ҚР ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеді, яғни өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу. Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу аясында өзге ақпараттар жария етуге жатпайды», — делінген Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Тергеу барысы ПД басшылығының жеке бақылауына алынғаны да нақтыланады.

Бұған дейін Талдықорғанда білім бөлімінің бұрынғы басшысының денесі табылғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары