14-03-23 |
200 рет қаралған
Қазақстанда түрік капиталы бар 4 мыңға жуық компания жұмыс істеп жатыр.
Қазақстанда түрік капиталы бар 4 мыңға жуық компания жұмыс істеп жатыр

Алматыда Шығыс Анадолы экспорттаушылар қауымдастығы (DAIB) бизнес делегациясы өкілдерімен В2В кездесу өтті.

Бизнес-кездесуге Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тайымбетов, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ақынджы Әли Рыза, DAIB (Шығыс Анадолы экспорттаушылар қауымдастығы) төрағасы Танрывер Этхэм қатысты.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тайымбетовтің айтуынша, Түркия – Орта Азия елдерімен бұрыннан байланыста болған және бұл аймақты ортақ тілдік, мәдени және тарихи мұра бар «түркі әлемінің» бір бөлігі. Түркия Қазақстанның тәуелсіздігі туралы декларацияны алғашқылардың бірі болып таныды және тауар айналымы бойынша Қазақстанның ең ірі серіктестерінің бестігіне кіреді.

«2022 жылғы қазанда Қазақстан-Түркия жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Түркияны Қазақстанның ең жақын және сенімді серіктестерінің бірі деп атады және екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Біз осы бағытта жұмыс істейтін боламыз», – деді Әуез Тайымбетов.

Қазір Қазақстанда түрік капиталы бар 4 мыңға жуық компания табысты жұмыс істеп жатыр. Түрік бизнесінің қатысуымен Қазақстанда 2 млрд доллардан астам сомаға 61 ірі жоба іске асырылды. бүгінде реализации 2,5 млрд доллардан астам сомаға 25 жоба жүзеге асырылуда. Құны 1,3 млрд долларға 54 перспективалық жоба әзірлену үстінде.

Өткен жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 6,3 млрд долларды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 54%-ға жоғары көрсеткіш. Түрік тарапынан негізгі сұраныс «отын-энергетикалық тауарлар» болды. Екінші орында «металдар және олардан жасалған бұйымдар». Сондай-ақ Түркияға жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер, тоқыма бұйымдары, машина жабдықтары, химия өнеркәсібі өнімдері экспортталды.

Танрывер Этхэм өз сөзінде қазақстандық тарапқа жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, осы ынтымақтастық туралы келісім қағаз жүзінде қалмай, тиімді және жемісті болғанына үміт артатынын айтты.

Ынтымақтастық туралы меморандумға Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тайымбетов пен DAIB (Шығыс Анадолы экспорттаушылар қауымдастығы) төрағасы Танрывер Этхэм қол қойды.

Бұдан әрі қатысушылар сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық және іскерлік байланыстар орнату мәселелерін талқылады. Түркиядан келген бизнес делегация мен Алматы қаласының кәсіпкерлері арасында В2В кездесу ұйымдастырылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.