Көрші елдердегі жағдай Қазақстанның ішкі нарығына да әсер етіп отырады. Мысалы, өткен жылдың наурызында Ресейдегі бөлшек саудадағы дизель отынының бағасы Қазақстандағы бағамен теңесіп, арзандаған. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов брифинг барысында айтты.
Министр Ресеймен шекаралас жанармай станцияларында отынды сату көлемі азайғанын байқағандарын айтады, демек Қазақстаннан жанармай шығару экономикалық тиімсіз болған. Алайда, бір айдан кейін көрші елдердегі баға күрт көтерілген кезде, біз дизель өндіру көлемін арттырсақ та, күз айларында оның тапшылығын қайта көрдік.
«Осы жылы да бағадағы айырмашылық сақталып отыр. Нәтижесінде өткен жылғы наурыз айымен салыстырғанда тұтыну көлемі 15%-ға артқанын көріп отырмыз. Бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна дефицитке тап болуымыз мүмкін», – дейді министр.
Алдыңғы жылдары тапшылықты өндіру көлемін арттыру арқылы жауып отырсақ, қазір отандық мұнай зауыттары максимальді режимде жұмыс істеп жатыр екен. Алдағы 6 жылда дизель көлемін бірнеше есе арттыратын мүмкіндік жоқ, яғни Шымкент зауытын кеңейткенше.
«Аталған себептерге байланысты Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып, өз ұлттық мүддесіне зияны тиіп жатыр деп айтуға толық негіз бар. Әрине қол қусырып, ешкім қарап отырған жоқ, түрлі шаралар қабылданғандығын білесіздер: жанармайды темір жол және көлікпен шығаруға тыйым салынды; ресурс иелеріне жанармайды тікелей жанармай станцияларына сатуға міндеттейтін заңнамалық нормалар қабылданды; мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату кезіндегі өнімсіз делдалдар алынып тасталды», – деді ол.
Бұдан басқа, өткен жылдың тамыз айында тапшылықты азайту үшін сараланған баға (450 тг.) және лимиттер (300 литрге дейін) енгізілген. Бірақ барлық шектеулерге қарамастан, «көлеңкелі экспорт» арқылы отынды шығару мүмкіндіктері табылыпты. Осыған байланысты, тапшылықты болдырмау үшін министрлік шұғыл түрде қымбат импорттық отынды сатып алуға мәжбүр болған.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
14.11.2024