Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның жалпы отырысында республикалық бюджет қаржысын үнемдеу туралы айтты.
«Мәселен, соңғы 5 жылда республикалық бюджет пен мұнай кірісі 66 пайызға артты. 5 жылда мұндай өсу қарқыны жақсы көрсеткіш. Алайда осы уақыт аралығындағы шығын 120 пайызға көбейген. Демек, бізде шығын кірістен екі есе көп болып отыр. Бұл қаржыны Үкімет Ұлттық қордан немесе бюджет тапшылығын көтеру арқылы алатыны заңды. Бюджет тапшылығы бұрынғы деңгейде қалып отыр. Яғни, ол қаражат Ұлттық қордан алынады деген сөз. Болмаса, бізге салықтық базаны көтеру керек», – деді ол.
Әшімбаев бұл қаржылық тәртіпке келуді білдіретінін айтты, деп жазды Azattyq Ruhy.
«Ұлттық қордың ақшасын тек стратегиялық мақсаттағы шығындарға жұмсау керек. Жаппы Ұлттық қордың активтерін ұлғайту бойынша стратегиялық жоспар болуы керек. Біз 3-4 трлн теңгеден ақша алсақ, оны қалай көбейтеміз? Сондықтан, осы бағытта бірлесе жұмыс істеп, азаматтарға нәтиже көрсетуіміз керек», – деді Мәулен Әшімбаев.
Айта кетейік, Сенатта «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы қаралып жатыр.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024