20-09-22 |
1020 рет қаралған
Талғар тұрғындары оқушының өлімінен кейін жолды жапты.
Талғар тұрғындары оқушының өлімінен кейін жолды жапты

19 қыркүйек күні кешкі сағат 18.00-де Талғар ауданы, Жаңалық ауылында қайғылы оқиға орын алды. Ауылдың ортасынан өтетін Алматы-Жетіген тас жолында жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 6-сынып оқушысын көлік қағып, бала бірден қайтыс болған.

Ауылда 1-ақ мектеп. Оқушылар үш ауысыммен оқиды. Сабаққа бару үшін көлік ағылып жатқан тас жолдан өтуге мәжбүр. Ауыл басшыларының “Мектеп саламыз, автобус бөлеміз” деген құрғақ сөзінен шаршап, ашынған жұрт жылда адам өліміне себепке болған жолды жауып, наразылық шеруін өткізді.

«Toyota Camry автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Жаңалық кентіндегі «Жетіген-Алматы» автожолымен жүріп келе жатып, 10 жасар баланы қағып кетті. Бала белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан», – делінген Алматы облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Талғар ауданы Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Жүргізуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.