Өскемен қаласында Қазақстан полициясы күні қарсаныңда, ҰР ІІМ ҚАЖК №24 мекеме қызметкерлері балаларға таңымдық экскурсия өткізді.
Алғашқы кездесу мекеменің алдында, саптық жиыннан басталды. Саптық жиынға балалар жауапкершілікпен дайындықпен келген, жарғы бойынша киім үлгісі сақталған. Нағыз қызметкер екенің сезіну үшін ішкі істер қызметкері киім үлгісін кейбір бала арнайы тіктірген болса, кейбіреулері жалға алған.
Болашақ офицерлердің ең кішісі Ералы 4 жаста өзінің жасының кішісіне қарамастан өзін еркін сезініп, жасы үлкендердің арасынан ерекшеленді. Қызметкерлердің жеке куәліктері мен жеке номерлерін тексеріп, талапты, зерек бала екенің көрсетті.Мекеме ішінде балалар ата-аналарының жұмыс орындарымен танысып, кішігірім жиындар өткізе білді.
Жасы үлкендері арнайы жабдықталған киімдер, арнай құралдарды киіп көрді.
Тәжірибе ретінде тексеру бөлмесінде жұмыс істеп көрді. Тиым салынған заттарға қызметкерлерді тексеріп, тінту шарасын метал детекторымен жүргізіп, өздерінің қабілеттіліктерімен таң қалдырды. Келген балалардың жасы 4-15 жас аралығында.
Жалпы осындай форматтағы кездесулер ұйымдастырушылардың айтуынша, жастардың бойында патриоттық сананы дымытып, құқық қорғау органдарының қызметкерлері әулетін жалғастыру мақсатында қажет.Балалар осындай кездесулердің алдыңғы уақытта тағыда ұйымдастырылатына ниет білдіріп. Кездесуден жағымды эмоция алғандарын атып жатты. Кездесу соңында кішкене қонақтарға, мекеме бастығы Руслан Токтыбаев естелік сыйлықтар сыйлады және фотоға түсті.
№24 мекеме қызметкері
Арай Кошербаева
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024