Владислав Челахтың мүддесін қорғаған адвокат Гүлмира Шалдықова оның шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның айтуынша, заңнамадағы өзгерістер оған тіпті өмір бойына сотталғанның өзінде УДО-ға (шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға) өтініш беруге мүмкіндік береді.
«Оның жазасын жеңілдететін кез келген нұсқа қолайлы. Тіпті бұл УДО болса да. Себебі ол заңсыз түрде бостандықтан айырылып, ұсталып отыр. Ол, шын мәнінде, сол кездегі жағдайлардың құрбаны. Ол атылған адамдардың арасында тірі қалып қалды», – деді ол.
Адвокат Челах ісімен қайта айналысуға қарсы еместігін де жасырмады.
«Менің 20 жылдық тәжірибем оның бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін көрсетіп отыр. Оны алғаш ұстағанда-ақ ол: «Мен бұл қылмысты жасаған жоқпын, қатысым жоқ» деді. Ол оқиға болған кезде шекара заставасынан кеткен. Өрт қойылып, атыс болғанда ол жерде болмаған. Бұл іс саясиланған, ол ҰҚК-нің бақылауында болған», – деді адвокат.