АҚШ президенті Дональд Трамп болашақта КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынмен кездесуді күтетінін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның журналистерге жасаған мәлімдемесін Ақ үйдің ресми YouTube арнасы тікелей эфирде көрсетті.
«Біз бір күні кездесеміз. Шын мәнінде, мен мұны асыға күтіп жүрмін», – деді Трамп.
Кейінірек ол Солтүстік Корея басшысымен 2025 жылы кездескісі келетінін қосты.
Трамп өзінің екінші президенттік мерзімі басталғалы бері АҚШ-та «КХДР-мен ешқандай проблема болмағанына» назар аударды. Сондай-ақ ол Солтүстік Кореяның әскери әлеуетін бағалап, оның «үлкен мүмкіндіктері бар» екенін атап өтті.