Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамп Зеленскийдің легитимдігіне күмән келтірген Лавровқа жауап берді

/
Трамп Зеленскийдің легитимдігіне күмән келтірген Лавровқа жауап берді
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың Украина президенті Владимир Зеленскийдің легитимдігіне қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақ үйдегі кабинет отырысында сөйлеген Трамп: «Олардың не айтатыны маңызды емес. Бәрі көзбояушылықпен айналысып жүр. Бұл — бос сөз», — деді.

Сондай-ақ ол Украина мәселесіне байланысты Владимир Путиннің Зеленскиймен кездесуден бас тартуы мүмкін деген сұраққа жауап берді. Трамптың айтуынша, ол қақтығысты бейбіт жолмен аяқтауды қалайды, бірақ қажет болса қатаң шара қолдануға дайын.

«Біз экономикалық санкциялар туралы айтып отырмыз. Бұл әлемдік соғыс емес, бірақ экономикалық соғыс болуы мүмкін. Бұл Ресей үшін өте жаман болады. Бірақ Зеленский де кінәсіз емес. Танго билеу үшін екі адам керек емес пе», — деді АҚШ президенті.

Трамп Украинаға қаржылай көмек көрсетуді тоқтатқанын да атап өтті: «Біз енді Украинаға ақша төлемейміз. НАТО барлық шығынды өзі өтейді», — деді ол.