09-11-23 |
900 рет қаралған
Путин: Қазақстанға бидай экспортының 98 пайызын Ресей тасымалдайды.
Путин: Қазақстанға бидай экспортының 98 пайызын Ресей тасымалдайды

Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин осылай деді.

Қазақстанның әртүрлі аймақтарында ресейлік капиталдың қатысуымен 6000-ға жуық бизнес-құрылым бар. Ресейдің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан және жүзеге асыру жоспарланған бірлескен жобалардың жалпы құны 36,5 миллиард долларға бағаланады. Біздің экономикамыз үшін бұл айтарлықтай әсерлі көрсеткіш – деді ол.

Ресей басшысы сонымен қатар елімізге Ресейден қанша көлемде ауылшаруашылығы өнімдері импортталатынын айтты.

Ресей Қазақстанға бидай – 98 пайызы, арпа – осыншама мөлшерде, құс еті – 80-90 пайыз, қант – 70 пайызға дейін, ашытылған сүт өнімдері –60-70 пайыз импорттайды. Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарларының екіжақты тауар айналымы 2022 жылы 22 пайызға артып, төрт миллиард долларға жетсе, биылғы жеті айда тағы үш пайызға өсті. Ал біздің еліміз Қазақстан нарығын осы және басқа да көптеген өмірлік маңызды, қажетті азық-түлік түрлерімен үздіксіз қамтамасыз етуді жалғастыра береді – деді Ресей президенті.

Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан мен Ресей ауыл шаруашылығы өнімінің ірі өндірушісі саналады және астық экспорты бойынша әлемдік көшбасшылардың ондығына кіреді. Сондай-ақ әлемдегі егістік алқаптарының шамамен 10 пайызы, жайылымдық және шабындық жерлердің 9 пайызы осы екі мемлекетке тиесілі.

Қазақстанда соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2 еседен астам ұлғайды. Аталған саладағы өнім экспорты екі есе артып, 6 миллиард долларға жуықтады. Бүгінде бұл бағыттағы өнімдеріміз әлемнің 80 еліне жеткізіледі. Былтыр Азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық индексінде Қазақстан 113 елдің ішінде 32-ші орынды иеленді. Осылайша, біз агроөнеркәсіп кешенін дәйекті түрде дамытып отырмыз. Бүгінгі форумда елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тең құқылы және бір-бірінің мүддесін ескеру қағидаттары негізінде ортақ келісімге келе отырып, жаңа тәсілдер әзірленетініне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.

Arasha.kz

ФОТО: Ақорда

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.