Бес жылға сотталған вайнер Мейірхан Шерниязов жазасын өтеп, бостандыққа шықты.
«Сотталушы жазасын толық өтегендіктен босатылды», – деді Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 10 ақпанда белгілі вайнерлер Мейіржан Туребаев, Мейірхан Шерниязов және Азимжан Саидбаев қаржылық пирамидаға қатысты іс аясында тергеуге тартылғаны белгілі болған болатын. Тергеп-тексеру нұсқасы бойынша, вайнерлер тек қана Mudarabah Capital қаржылық пирамидасын жарнамалап қана қоймай, оның бірлескен иелері ретінде тұрақты табыс алған. Жалған ақпараттар тараған соң, Туребаев видеоүндеу жасап, өзін зағип болған адаммын әрі пирамиданың қызметінен пайда көрмегенін мәлімдеген. Сол видеоүндеуде Туребаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРРА) 2020 жылы-ақ Mudarabah Capital қаржылық пирамидасы туралы полицияға ескерту жасағанын айтты.
2022 жылғы 20 сәуірде Мейіржан Туребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржылық пирамидасы бойынша орын алған резонанстық іс аясында қамауға алынған, ал 2023 жылғы 23 маусымда оларға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.