28-05-24 |
4490 рет қаралған
Алматы мешіттерінде елдің мүлкін ұрлаған күдікті сотталды.
Алматы мешіттерінде елдің мүлкін ұрлаған күдікті сотталды

Өткен жылдың қысында жас жігіт келушілердің намаз оқып жатқанын пайдаланып, намаз кезінде қараусыз қалдырған жеке мүлкін ұрлап кеткен. Жас жігіт оқиға кезінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Сот отырысы барысында азамат «Т» кінәсін мойындады, бірақ миллиондаған шығынды өтемеді.

Сот, ұрлықшыға, қауіпсіздігі орташа мекемеде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Түрксіб ауданының прокуратурасы ұрлық оқиғаларының көбеюіне байланысты азаматтарды, өз мүліктерін қараусыз қалдырмай мұқият болуға шақырады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.