15-01-24 |
4430 рет қаралған
Астанада көпірден секірмек болған әйел құтқарылды.
Астанада көпірден секірмек болған әйел құтқарылды

Полицейлер Бейсекова көшесінің бойындағы көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды.

Периметрді патрульдеу кезінде олар оның көпір қоршауының артында тұрғанын көрген. Тәртіп сақшыларының бірі ашуға булығып, жылап тұрған жас әйелмен диалогқа түскен.

Сол әңгімелесу кезінде оның серіктесі қоршаудан асып түсіп, оны байқатпай аса шапшаңдықпен ұстап үлгерген. Сөйтіп екеуі бірігіп жас әйелді темір тордың үстінен қауіпсіз жерге сүйреп шығарған.
Қазіргі уақытта 36 жастағы астаналық әйелді мұндай келеңсіз әрекетке не итермелегені анықталып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.