24-04-24 |
3910 рет қаралған
Бишімбаевпен оның анасы арқылы таныстым – балгер.
Бишімбаевпен оның анасы арқылы таныстым – балгер

Бүгінгі сотта Нүкенова қайтыс болатын күні Бишімбаев қоңырау шалып, оның жағдайын сұраған балгерден сұрау алынды.

«Бишімбаев телефон соқты, нақты уақыты есімде жоқ… Ол Салтанат екеуміз қатты мас болып, ұрысып қалдық деді. Ол күндіз болды. Ол мас болды. Ол маған айтты: қара, қара… Мен: дәрігер шақыр, жедел жәрдем шақыр, дедім. Мен бірден жедел жәрдем шақыруын айттым, өйткені ол екеуі қатты ұрысып қалғанын айтты», – деді балгер.

Сондай-ақ ол  оны мас деп ойлап, тіпті телефонды да көтермегенін айтты.

«Мен оның қоңырауына мән бермедім. Оның даусы сөзін мұқият таңдағандай естілді. Мен қайталадым: жедел жәрдем шақырыңыз, дәрігерге, жеке дәрігерге барыңыз. Ол ұрысып қалдық деді, Салтанат ұйықтап жатыр, демалып жатыр, өзін нашар сезінеді деді. Бұл бейберекет сөз болды», – дейді көріпкел.

Сондай-ақ ол Бишімбаевпен бірнеше жыл бұрын анасы арқылы танысқанын, одан кейін ол айына 2-3 рет хабарласып тұрғанын жеткізді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.