24-03-24 |
74420 рет қаралған
ДАИШ «Крокуста» лаңкестер түсірген видеоны жариялады.
ДАИШ «Крокуста» лаңкестер түсірген видеоны жариялады

«ДАИШ» ұйымымен (топқа Қазақстанда тыйым салынған) қатысы бар «Амак» ақпарат агенттігі Крокусқа шабуыл жасаушылардың ғимаратқа қалай кіріп, оқ жаудырып, қаза тапқандардың бірін қанжармен қалай өлтіргені бейнеленген видеоны жариялады.

Кадрдан төрт адамның шабуыл жасағанын көруге болады. Оның шынайылығын олардың киімдерінің шабуыл куәгерлері түсірген видеолардағыдай көрінуі арқылы бағалауға болады. Бейнежазбаның түсірілген жері де күмән тудырмайды. Бір қызығы, видеода шабуыл жасаушылардың әрекетінде байқалатын асығыстық немесе толқу байқалмайды. Видеодан ешқандай күзетшіні байқамайсыз.

Сонымен бірге жазбада содырлардың бет-әлпеті бұлыңғыр болып, аты-жөнін жасыру үшін дауыстары өзгертілген. ДАИШ-тің соңғы мәлімдемелері бойынша, шабуылға төрт адам қатысқан. Исламшылар шабуылда құрбандардың кейбірін бауыздағанын айтады.

Бейнежазбадан содырлардың айғайлаған діни ұрандарымен бірге арабша субтитрлерді көруге болады. Бір кезде жазбада шабуыл жасаушылардың бірі ғимараттағы адамдарға пулеметпен оқ жаудырғаны көрінеді. Осы сәтте тағы біреуі оны «өлтір, оларды аяма» деп жігерлендіреді.

Соңғы мәліметтер бойынша «Крокус Сити Холл» кешеніндегі терактіден 133 адам қаза тапқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.