Қайғылы жол апаты 5 шілде күні Балқашқа апаратын тас жолда болды.
Kia Sedona көлігінің жүргізушісі алдындағы көліктерді басып озбақ болып, жол белгілеріне мән бермей, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жол бөлігіне кіріп кеткен, кейін қисық бағыттағы қоршауға соғылған. Қатты соқтығыс салдарынан көлік өртеніп кеткен.
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан жеті жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.