23-03-24 |
21260 рет қаралған
Мәскеудегі теракт: 83 адам қаза тауып, күдікті екі тәжік ұсталды.
Мәскеудегі теракт: 83 адам қаза тауып, күдікті екі тәжік ұсталды

Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» сауда үйінде болған теракт бойынша Тәжікстанның екі азаматы ұсталды. Бұл туралы Baza хабарлады.

«Брянск облысында «Крокус Сити Холл»  сауда үйіне шабуыл жасады деген екі күдікті ұсталды. Қылмыскерлер мінген көлік Беларусь пен Украина шекарасынан бірнеше шақырым жердегі Теплы ауылының маңында тоқтатылды. Алдын ала мәлімет бойынша, көлікте алты адам болған: екеуі ұсталды, тағы төртеуі қашып үлгерген. Ұсталғандар Тәжікстан азаматтары болып шықты. Қазір олармен қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр – олардың лаңкестік әрекетке қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қазір тағы төртеуі іздестірілуде», – делінген сенбі күні таратқан хабарламада.

Айта кетсек, 22 наурыз күні кешке Ресейдің «Крокус Сити Холлында» белгісіз біреулер ірі теракт жасаған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, лаңкестік әрекет салдарынан 83 адам адам қаза тапты, шабуыл құрбандарының арасында бірнеше бала бар, 115-ке жуық адам жарақат алды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.