Мұғалім мен жоғары сынып оқушысы арасындағы жыныстық қатынас туралы хабарлама әлеуметтік желілерде таралды. Мұғалімнің кәмелетке толмаған баламен қарым-қатынасы туралы оның бұрынғы күйеуі тиісті органдарға жеткізген. Бұл туралы Atyrau Online телеграм каналы хабарлады.
Полиция «он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы басқа әрекеттер» фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Қазір тексеру шаралары жүріп жатыр. Екеуі де аталған фактіні мойындаған жоқ», – деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, мектеп директоры әлеуметтік желіде ақпарат тараған бойда мұғалімді жұмыстан шығарған.
Фото: Shutterstock.com
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024