24-02-24 |
7600 рет қаралған
Қарағанды облысында болған өрттен бір отбасының 4 баласы көз жұмды.
Қарағанды облысында болған өрттен бір отбасының 4 баласы көз жұмды

23 ақпанда Қарқаралы ауданының Талды ауылында 2 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр алаңда үй заттары, жиһаз, терезе және есік блоктары өртенді.

Өрт салдарынан 2019, 2020, 2021, 2022 жылдары туған 4 бала қайтыс болды. Өрт шыққан кезде үйде балалардан басқа ешкім болмаған. Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу іс-шаралары басталды, сараптамалар тағайындалды.

«Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр», – деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.