29-01-25 |
710 рет қаралған
Қостанай облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды.
Қостанай облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды

ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы Шекара қызметімен бірлесіп, Денисов ауданы аумағында мемлекеттік шекараға жақын жерде екі шетелдік азаматты қолға түсірді.

Заң бұзушылардың Қазақстан-Ресей шекарасын ресми өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз кесіп өтпек болғаны белгілі болды. Олардың мұндай қадамға баруына Ресей аумағынан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін депортациялануы себеп болған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мемлекеттік шекара режимін бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңнама талаптарына сәйкес Қазақстан аумағынан шығарылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.