15-04-24 |
4760 рет қаралған
Ресей су жіберді, Оралда шұғыл эвакуация жарияланды.
Ресей су жіберді, Оралда шұғыл эвакуация жарияланды

Жайық өзеніндегі су деңгейі шарықтау деңгейіне өте жақын. Қала әкімі Миржан Сатқановтың айтуынша, алдағы күндері Ириклинский су қоймасынан су жіберіледі.

“Ең бастысы – азаматтардың қауіпсіздігі. Сондықтан Жайық өзенінің жайылмасында, су басу қаупі өте жоғары Курени, Старица және Коминтерн аудандарында орналасқан саяжай учаскелерінің тұрғындарын шұғыл эвакуациялау қажет. Үлкен көлемдегі су кез келген уақытта келіп, үйлеріңізді басып кетуі мүмкін. Өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеңіз, тез арада отбасыңызға, достарыңызға немесе тәулік бойы жұмыс істейтін эвакуациялық орталықтарға көшіңіз. Барлық сұрақтар бойынша қалалық штабқа 24-05-70 және 24-01-94 телефондары арқылы хабарласуға болады», – деді әкім.

Бұл ретте азаматтарға құжаттар, ақша, дәрі-дәрмек және басқа да ең қажетті заттарды жинауға, сондай-ақ электр құрылғыларын, газ құралдарын өшіруге, терезелер мен есіктерді жабуға кеңес беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Оралда эвакуацияланған саяжай тұрғындары баспанасыз қалғанымен мойындарында несиесі қалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.