29-04-24 |
3230 рет қаралған
СҚО-да әпкесі мен інісі суицид жасады.
СҚО-да әпкесі мен інісі суицид жасады

Полицейлер өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Nayzakokshe мәліметінше, қайғылы оқиға 28 сәуірде Айыртау ауданында болған.

22 жастағы бойжеткен бірінші болып қорада асылып, өз-өзіне қол жұмсады. Оның артында бір жарым жасар баласы қалды. Әпкесінің қайтыс болғанын білген інісі орманға қашып кеткен. Кейін ол сол жерде асылған күйінде табылды.

Әпкесі мен інісі атасы мен әжесімен бірге тұрған.

«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде», – деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан полиция департаменті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.