Logo
Іздеу
Айдарлар

Ташкентте қазақстандық банктің филиалынан 90 мың доллар ұрланған (Видео).

/
Ташкентте қазақстандық банктің филиалынан 90 мың доллар ұрланған (Видео).

Өзбекстанда Tenge Bank-тің Ташкенттегі филиалынан ірі көлемде қаражат ұрлау схемасы әшкереленді. Бұл банк — Қазақстандағы Халық банкінің еншілес құрылымы.

ІІМ мәліметінше, алаяқтар POS-терминалға жалған деректер енгізіп, банк арқылы 90 мың долларды қолма-қол ақшаға айналдырған.

Құқық қорғау органдары тоғыз күдіктіні ұстады. Олардың бірі бұл схеманы Telegram желісінен тапқанын, оны зерттеп, банк қызметкерімен келісіп, бағдарламалық қамтамасыз етуді алаяқтыққа бейімдегенін мойындаған.

Тінту барысында күдіктілерден 12 телефон, POS-терминал және 36,5 мың доллар қолма-қол ақша тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары