10-06-24 |
3790 рет қаралған
Тимур және Динара Құлыбаевтар «Altyn» банк иелері болды.
Тимур және Динара Құлыбаевтар «Altyn» банк иелері болды

ҚР бұрынғы президенті Н. Назарбаевтың қызы Динара мен күйеу баласы Тимур Құлыбаев «Altyn» банк иелері болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.

Агенттік Басқармасымен 2024 жылғы 7 маусымдағы қаулылар қабылданған. Онда «Тимур Аскарович Кулибаевқа «Altyn Bank» акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі қатысушысы мәртебесін (жанама) иеленуге келісім беру туралы», сондай-ақ «Динара Нурсултановна Кулибаеваға «Altyn Bank» акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі қатысушысы мәртебесін (жанама) иеленуге келісім берілгені айтылады.

Оған қоса «АЛМЭКС» Холдингтік тобы» акционерлік қоғамына «Altyn Bank» (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) акционерлік қоғамының банк холдингі (жанама) мәртебесін иеленуіне келісім берілгені белгілі болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.