26-06-24 |
6980 рет қаралған
«Ауыл» партиясы өзінің елдегі екінші саяси күш екендігін дәлелдеді – саясаттанушы.
«Ауыл» партиясы өзінің елдегі екінші саяси күш екендігін дәлелдеді – саясаттанушы

2024 жылдың 21 маусымында Ақмола облысының Зеренді ауылында «Ауыл» партиясының кезекті ХХІV съезі өтті.

«Ауыл» партиясы – елдегі беделді және ықпалды қоғамдық-саяси күш. Ауыл тұрғындарының, ауыл еңбеккерлерінің, ауыл мен ауыл шаруашылығының мүдделерін қорғау – «Ауыл» партиясының басымдылығы. «Ауыл» партиясы Зеренді ауылын съезге қатысушылар назарын ауылға аудару үшін әдейі таңдағандарын жеткізді.

Мәжілістегі «Ауыл» партиясының депутаттық фракциясы партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында өңірлерді аралады. Халық пікірін тыңдай келе, «Ауыл» депутаттық фракциясы сайлауалды бағдарламасының негізгі міндеттері болған «Аграрлық банк туралы» және «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» 2 заң жобасына бастамашылық жасап, әзірледі. Аталған заң жобаларын Сенат пен Мәжіліс депутаттарының 60% астамы қолдады. Бұл бағыттағы жұмыстар құзырлы мемлекеттік органдармен жалғасын табады.

Съезд барысында «Ауыл» партиясының демократиялық центризмді қалыптастыруды негізге алған жаңа редакциядағы Жарғысы қабылданды. Партияның миссиясы мен құндылықтары айқындалған Саяси бағдарлама бекітілді.

Саяси бағдарламада отандық зейнетақы жүйесін реформалау, «Ауылдан диплом үшін!» жобасын, ауылдық жерлерде жұмыс істегісі келетін жас мамандар үшін жекешелендіру құқымен тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске қосу және т.б. тәрізді қоғамдық өмірдің түрлі саласындағы өзекті мәселелер қастылған.

Съезд жұмысы аясында «Ауыл» партиясының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру шаралары мен тетіктері туралы пікір алмасу болды. Сондай-ақ, партияның Саяси кеңесі мен Ревизиялық комиссиясының есебі тыңдалып, алдағы орта мерзімді перспективаға арналған міндеттер белгіленіп, басқарушы органдар сайлауы өткізілді.

Саясаттанушы Ержан Ибраев тәжірибесі мол Серік Егізбаев «Ауыл» партиясының басшылығына келген бетте партия қатарын жасарту үдерісін қолға алғанын жеткізді. Өткен партияның съезі бұған жарқын дәлел болды. Сонымен, партия Саяси кеңесі жаңа мүшелерінің орташа жасы осы саяси органның бұрынғы құрамынан 10 жасқа жасарды.

«Бұл стратегиялық шешімнің партия жұмысына жаңа идеялар мен инновациялық тәсілдер әкеле алатын жас, жігерлі және перспективалы кадрларды тартуға бағытталғаны айдан анық. Қазірдің өзінде партиялық функционерлердің орташа жасы айтарлықтай төмендеді, бұл партиялық қызметтің динамикасы мен белсенділігіне оң әсер етеді. Тұтастай алғанда, партияның жасаруы оған жастарға жақын болуға, олардың қажеттіліктері мен ұмтылыстарын жақсы түсінуге, сондай-ақ қазіргі заманғы қиындықтарға тиісінше жауап беруге мүмкіндік береді. Жас мүшелер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса отырып, партиялық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға белсене қатысады. Құрамның бұлай жаңаруы партияның ішкі демократиясы мен ашықтығын нығайтуға ықпал етеді», – дейді саясаттанушы.

Ал, Польшаның Люблин Католик университеті профессоры, саясаттанушы
Кинга Махович соңғы жылдары Қазақстанда орын алып жатқан оң өзгерістердің куәсі болып отырғандарын айтты.

«Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды айтып өту керек. «Ауыл» партиясы әрине саяси сахнадағы жаңа ойыншы емес. 2023 жылдың наурыз айындағы парламент сайлауы барысында «Ауыл» өзінің елдегі екінші саяси күш екендігін дәлелдеп, парламенттік партияға айналды және де ол партияның тарихи жеңісі болды! Саясаттанушы ретінде мені «Ауыл» партиясының ауылды аймақ пен ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау мен білім беру саласында көтеріп отырған бастамалары ерекше қызықтырады! Өкінішке қарай, соңғы жылдары азық-түлік қауіпсіздігі әлемдік масштабтағы мәселеге айналып отыр. Осы ретте «Ауыл» партиясының Қазақстанның ауылшаруашылығы тауарларын көп өндіріп, халықаралық деңгейдегі хабқа айналуы жолында еңбектеніп жатқанынан хабардармын. Әрбір съезд – партия үшін айтулы оқиға! Бұл съездің бағдарламалық өзгерістер тұрғысынан да, саяси тұрғыдан да жемісті болғанына сенімдімін және онда көтерілген шешімдер Қазақстанның дамуына негіз болып, болашақ жоспарлар мен қадамдардың моторына айналары анық», – дейді профессор.

Сарапшы Марат Шибутов съезде бұрынғыға қарағанда мамандандырылған және толығымен ауыл мен оның тұрғындарында бағытталған жаңа бағдарлама қабылданғанын айтты.

«Бұл, негізінен өте маңызды қадам. Өйткені «барлық жақсылық үшін және барлық жамандыққа қарсы» бағдарламалар уақыты аяқталған сияқты. Партияға сайлауда адамдарын әкімдіктерге, мәслихаттарға және Парламентке өткізуге мүмкіндік беретін аз да болса тұрақты қолдауды қамтамасыз ететін өз сайлаушысы қажет.

Съезді ауылда өткізу тәрізді жаңа формат, ауылды ауыл шаруашылығы есебінен ғана емес, туризм есебінен де дамытуға, сондай-ақ құндылықтардағы консервативті трендке байланысты сияқты. Мұны сайлаушылардың қалай бағалайтынын уақыт көрсетеді», – деді сарапшы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.