16-03-19 |
2710 рет қаралған
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылады.
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылады

Қазақстанда жаңа саяси партия құрылмақ. «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы  «Жасыл әлем» саяси партиясын құрмақ. Партия құру туралы бастаманы ақын Олжас Сүлейменов көтерген. Бұл туралы «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының жетекшісі Азаматхан Әміртай forbes.kz мәлім еткен.

Олжас Сүлейменов осыдан үш жыл бұрын «Байтақ болашақ» экологиялық альянсын құрғаны белгілі.

18 наурызда баспасөз мәслихаты өтіп, онда партия құру туралы ұйымдастыру комитеті құру және ұйымдастыру комитеті мүшелерін бекіту мәселелері қаралмақ.

Азаматхан Әміртайдың сөзіне қарағанда, қоғамдық негізде экология мәселелерін шешу қиын көрінеді. Ал құрылғалы отырған жаңа саяси партияның мақсаты – 2021 жылы парламент және мәслихат сайлауларына қатысу.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.