Logo
Іздеу
Айдарлар

Дариға Назарбаева: Әр азаматтың сайлауға түсуге қақы бар.

/
Дариға Назарбаева: Әр азаматтың сайлауға түсуге қақы бар.

Сенат төрайымы Дариға Назарбаева президент сайлауына
кандидатурасын партия ұсынған жағдайда ұсынысты қабылдайтынын я қабылдамайтыны турасында кесімді пікір айтпады, деп жазады zakon.kz.

-Конституция мен заңға сәйкес кез келген азамат сайлауға түсе алады. Канидатты ұсыну туралы шешімді саяси партиялар қабылдайды, — депті Д.Назарбаева.

Сенат төрайымының айтуынша, сайлау нәтижесі халыққа байланысты және бәрі де заң шеңберінде болуы тиіс.

zakon.kz — тің жазуынша, БАҚ-та «Дариға Назарбаева сайлауға түспейді» деген нақтыланбаған ақпарат тарап кеткен.

Қайыра айтсақ, 9-сәуірде президент Қ.Тоқаев халыққа үндеу жасап, президент сайлауын жариялаған еді.

Серіктес жаңалықтары