18-03-19 |
2130 рет қаралған
«Нұр Отан» халыққа көмектесетін болды.
«Нұр Отан» халыққа көмектесетін болды

«Нұр Отан» партиясы халықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған «Халыққа көмек» партиялық жобасының жұмысы басталғанын хабарлады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты.

Әшімбаевтың сөзіне қарағанда, Жаңа бастаманы партия мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес қауымдастықпен бірлесіп іске асырмақ көрінеді. 

Мемлекет басшысы съезде «Халыққа көмек» жобасынан бөлек, тағы үш жобаны жүзеге асыруды тапсырды. Солардың бірі «Бақытты отбасы» жобасы қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқатын арттыруға бағытталып отыр. Келесі «Құтты мекен» жобасы аясында бірінші кезекте аймақтардағы инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту көзделген. Ал «Ауыл – ел бесігі» жобасы, аты айтып тұрғандай, ауылды дамытуға, онда жаңа жұмыс орындарын ашып, өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, – деді Мәулен Әшімбаев.
Халықтан келіп түсетін өтініштерді қабылдап, кері байланыс орнату үшін «Халыққа көмек» жобасында әлеуметтік желілердегі парақшалар, WhatsApp мессенджері де пайдаланылмақ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.