18-03-19 |
2590 рет қаралған
Олжас Сүлейменов: Ешқандай партия құрғалы жатқан жоқпын.
Олжас Сүлейменов: Ешқандай партия құрғалы жатқан жоқпын

Ақын Олжас Сүлейменов партия құру туралы бастама көтеріп, “Байтақ болашақ” экологиялық альянсы  “Жасыл әлем” саяси партиясын құрмақшы болып жатқандығы туралы бұған дейін де жазған едік. Мұндай ақпаратты “Байтақ болашақ” экологиялық альянсының жетекшісі Азаматхан Әміртай forbes.kz мәлім етіп, 18-наурызда баспасөз мәслихаты өтетін айтқан. Алайда, баспасөз мәслихаты өтпей қалды. Ал «партия құру туралы бастама көтерді» деген Олжас Сүлейменов болса, ешқандай партия құратын ойы жоқ екенін мәлімдеді.

– Мен партия құрушы емеспін, ешқандай партия құрғалы жатқан жоқпын. Барып қолдап қатысқым келген. Экология үшін, әрине, сөзсіз қолдаймын. Бірақ шегеріп тастапты, неге екенін білмеймін, – депті Сүлейменов ҚазТАГ берген жауабында.

Ал “Байтақ болашақ” экологиялық альянсының жетекшісі Азаматхан Әміртайдың айтуынша, кворум болмағандықтан партия құру туралы баспасөз мәслихаты сәуір айына шегерілген.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.